"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ KZ2C00002988 (KZAGb2) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

30.12.24 10:54
/KASE, 30.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 желтоқсанынан бастап "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) KZ2C00002988 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb2; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 29.12.14 – 29.12.24; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізіміне 2014 жылдың 29 ​​желтоқсанынан бастап "рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді, ал 2017 жылдың 1 маусымынан бастап олар KASE ресми тізімнің негізгі нарығының "облигациялар" санатына енгізілді. Олармен сауда 2015 жылдың 02 наурызында ашылды. [2024-12-30]