30 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП KASE SLB ОПЕРАЦИЯЛАРЫМЕН САУДА-САТТЫҚТЫ БАСТАЙДЫ

30.12.24 10:00
/KASE, 30.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 желтоқсанынан бастап KASE-де 1 күн және 2 күн мерзімге бағалы қағаздарды несиелеу және қарыз алу – Securities Lending and Borrowing (SLB) операцияларымен сауда- саттық ашылатынын хабарлайды. KASE-де SLB механизмін енгізу сауда-саттыққа қатысушыларға ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен (ОК) мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізімінде тұрған мемлекеттік бағалы қағаздардың барлық шығарылымдары бойынша жеке бағалы қағазға қатысты 1 күн және 2 күн мерзімге репо операцияларын жасауға мүмкіндік береді. KASE Клиринг орталығы Басқармасының шешімімен сауда-саттыққа қатысушыларға 1 күн және 2 күн мерзімге теріс мөлшерлемемен репо операцияларын жүзеге асыруға өтінім беруге мүмкіндік беру мақсатында бағалы қағаздардың пайыздық тәуекелдерін бағалау диапазондарын кеңейту бекітілді. Естеріңізге сала кетейік, ОК-пен репо операциялары бойынша сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі. KASE Басқармасының 2024 жылдың 25 желтоқсанындағы шешімімен 2024 жылдың 30 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілетін ""Автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо операцияларының маманданымы" (Маманданым) атты KASE ішкі құжатына № 7 өзгертулер мен толықтырулар бекітілді. Маманданымның жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules / ("Сауда – саттық" - "Репо операциялары"). Сауда-саттық және клиринг регламенті мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/reglament/ [2024-12-30]