27 желтоқсаннан бастап "First Heartland Securities" АҚ мүшеліктен ерікті
түрде бас тартуға байланысты "Қор" санаты бойынша KASE
мүшелігінен шығарылды
27.12.24 14:33
/KASE, 27.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 27 желтоқсанынан бастап "First Heartland
Securities" АҚ (Алматы) мүшеліктен ерікті түрде бас тартуға байланысты
"қор" санаты бойынша KASE мүшелігінен шығарылды.
Бұл "First Heartland Securities" АҚ бұдан былай KASE мүшесі болып
табылмайды және KASE-де қандай да бір құралдармен сауда-саттық
жасауға құқығы жоқ дегенді білдіреді.
[2024-12-27]