26 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00012813 (BRKZb41) облигацияларына жазылым жүргізіледі

25.12.24 18:03
/KASE, 25.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 26 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00012813 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb41) облигацияларын төмендегі шарттарда (Астана қ. уақыты) оларға жазылу арқылы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. ------------------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00012813 KASE сауда-саттық коды: BRKZb41 Номиналды құны, АҚШ доллары: 1 000,00 Шығарылым көлемі, АҚШ доллары: - тіркелген: 50 000 000 000 - орналастырылған (номинал бойынша): – Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асырылған сауда-саттықты өткізу күні Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады Айналым мерзімі: 8 жыл 11 ай Купондық ставка: жылдық 6,00 % Купондарды төлеу мерзімділігі: Айналымның бірінші жылы – жылына 1 рет, одан кейін – жылына 2 рет Купондарды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады Уақыттық база: 30 / 360 -------------------------------------------- --------------------------- Жазылым күні: 26.12.24 Орналастырудың номиналды көлемі, 50 000 000 000 АҚШ доллары: Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 1 000 Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 26.12.24, 16:00 Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 26.12.24, 16:00 ------------------------------------------------------------------------ Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/membership Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздарға жазылу ережесі сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/BRKZb41 [2024-12-25]