25 желтоқсаннан бастап "Аграрлық несие корпорация" АҚ KZ2C00013001 (AGKKpp6) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

25.12.24 18:01
/KASE, 25.12.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 25 желтоқсанында "Аграрлық несие корпорация" АҚ (Астана) KZ2C00013001 (AGKKpp6; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл 3 ай; жартыжылдық купон, жылдық 15,50%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 25 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/AGKKpp6/ [2024-12-25]