/KASE, 25.12.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 25 желтоқсанында "Бәйтерек"
Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) келесі облигацияларын негізгі
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00012987 (BTRKb18; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 15 ай; жарты
жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360),
түрі – әлеуметтік облигациялар;
- KZ2C00012995 (BTRKb19; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 15 ай; жарты
жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 25 желтоқсанынан
бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ мына
ақпарат сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/BTRK/
[2024-12-25]