/KASE, 25.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 желтоқсанынан
бастап KASE-де 1 күн және 2 күн мерзімге бағалы қағаздарды несиелеу және
қарыз алу – Securities Lending and Borrowing (SLB) операцияларымен сауда-саттық
ашылатынын хабарлайды.
KASE-де SLB механизмін енгізу сауда-саттыққа қатысушыларға ішінара
қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен (ОК) мәмілелерге
жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізімінде тұрған
мемлекеттік бағалы қағаздардың барлық шығарылымдары бойынша жеке
бағалы қағазға қатысты 1 күн және 2 күн мерзімге репо операцияларын
жасауға мүмкіндік береді.
KASE Клиринг орталығы Басқармасының шешімімен сауда-саттыққа
қатысушыларға 1 күн және 2 күн мерзімге теріс мөлшерлемемен репо
операцияларын жүзеге асыруға өтінім беруге мүмкіндік беру мақсатында
бағалы қағаздардың пайыздық тәуекелдерін бағалау диапазондарын
кеңейту бекітілді.
Естеріңізге сала кетейік, ОК-пен репо операциялары бойынша сауда-саттық
KASE-де жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін
өткізіледі.
KASE Басқармасының 2024 жылдың 25 желтоқсанындағы шешімімен 2024 жылдың
30 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілетін ""Автоматты" тәсілмен
жүзеге асырылатын репо операцияларының маманданымы" (Маманданым) атты
KASE ішкі құжатына № 7 өзгертулер мен толықтырулар бекітілді.
Маманданымның жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына
сілтеме бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/kase_rules / ("Сауда –
саттық" - "Репо операциялары").
Сауда-саттық және клиринг регламенті мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/ru/reglament/
[2024-12-25]