"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00012813 (BRKZb41) облигациялары негізгі
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
24.12.24 16:16
/KASE, 24.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 24 желтоқсанында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
(Астана)KZ2C00012813 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 8 жыл 11 ай, бірінші
купон – айналым басталған күннен бастап 1 жылдан кейін, бұдан әрі –
жарты жылдық купон, 6,00 % жылдық; 30/360) облигациялардың негізгі
алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2023 жылдың 27 қазанында жалпы
сомасы 500,0 млрд теңгеге тіркелген "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 10-шы
облигациялық бағдарламасы шеңберінде төртіншісі болып табылады.
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "
Қазақстан халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады.
Аталған облигацияларға BRKZb41 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-12-24]