"ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00006781 (KAFIb10) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

24.12.24 09:27
/KASE, 24.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 24 желтоқсанынан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C00006781 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb10; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 17.06.20 – 24.12.24; жартыжылдық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары АҚ айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2020 жылдың 10 маусымынан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2020 жылдың 22 маусымынан бастап ашылды. [2024-12-24]