/KASE, 23.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
23 желтоқсанынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар
нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM*
сериясы) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00006385 (KAFIb9) және KZ2C00006781
(KAFIb10) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты алып тастады (23 желтоқсан - өтеу кезіндегі тізілімнің тіркелген
күні).
2024 жылдың 23 желтоқсаннан бастап KASE_BM* сериясы
индикаторларының өкілдік тізімі 57 атаудағы облигациялардан тұратын
болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке
алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар
бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланды
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-12-23]