31 желтоқсанда "KASE Global" секторында бағалы қағаздармен сауда-саттық
AST 17:30-ға дейін өткізілетін болады
23.12.24 12:42
/KASE, 23.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен
2024 жылдың 31 желтоқсанында "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің
бағалы қағаздарымен үздіксіз қарсы аукцион әдісімен сауда-саттық Астана
қаласы уақытымен 11:30-дан 17:30-ға дейін (AST) өткізілетін болады.
[2024-12-23]