23 желтоқсаннан бастап "Mogo Kazakhstan" МҚҰ" ЖШС (Мого Казахстан) облигацияларының үш шығарылымы баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

23.12.24 12:00
/KASE, 23.12.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 20 желтоқсанында "Mogo Kazakhstan" МҚҰ" ЖШС (Алматы) келесі облигациялары баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2P00012925 (MFMOb11; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360); - KZ2P00012933 (MFMOb12; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360); - KZ2P00012941 (MFMOb13; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360). Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 23 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/MFMO/ [2024-12-23]