20 жетоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында US57636Q1040 (MA_KZ) MasterCard, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.

19.12.24 17:18
/KASE, 19.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 жетоқсанынан бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 09 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша MasterCard, Inc. (АҚШ) US57636Q1040 ("KASE Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 09 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап қайта басталады. [2024-12-19]