KASE Листингілік комиссиясы "FinQ" ЖШС KZ2P00012917 (FINQpp3)
облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
18.12.24 10:45
/KASE, 18.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 17 желтоқсанында "FinQ" ЖШС (Алматы)
KZ2P00012917 (1 000 теңге, 12,0 млрд теңге; 5 жыл; 30/360) дисконттық
облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға FINQpp3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-12-18]