"GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012875 (MFLGb7) және
KZ2P00012883 (MFLGb8) облигациялары баламалы алаңның
"облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
18.12.24 10:42
/KASE, 18.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы
2024 жылдың 17 желтоқсанында "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент)
келесі облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2P00012875 (1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 2 жыл; тоқсандық купон,
жылдық 20,00 %;30/360), сауда-саттық коды– MFLGb7;
- KZ2P00012883 (1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 2 жыл; тоқсандық купон,
жылдық 20,00 %;30/360), сауда-саттық коды– MFLGb8.
Листингтік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 19 тамызында
5,0 млрд теңге сомасына тіркелген "GoldFinMarket" Ломбард" ЖШС бірінші
облигациялық бағдарламасы шегінде үшінші және төртінші болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-12-18]