18 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор Starbucks Corporation
US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады
17.12.24 17:46
/KASE, 17.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
18 желтоқсанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 14 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 ("KASE Global" секторы,
SBUX_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2025 жылдың 14 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 17 ақпаннан
бастап қайта басталады.
[2024-12-17]