18 жетоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында AT&T Inc. US00206R1023 (T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

17.12.24 17:44
/KASE, 17.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 жетоқсанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін, AT&T Inc. (АҚШ)US00206R1023 ("KASE Global" секторы, T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын KASE-де хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 10 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап қайта басталады. [2024-12-17]