18 жетоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc.
US7170811035 (PFE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
17.12.24 17:42
/KASE, 17.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
18 жетоқсанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 24 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2025 жылдың 24 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 27 қаңтарынан
бастап қайта басталады.
[2024-12-17]