18 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab.
US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
17.12.24 17:37
/KASE, 17.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
18 желтоқсанынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2025 жылдың
15 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық
контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде жасалатын репо
операциялары бойынша Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE Global"
секторы, ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2025 жылдың 15 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 17 қаңтарынан
бастап қайта басталады.
[2024-12-17]