/KASE, 17.12.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2024 жылдың 12 желтоқсанында "Лизинг Групп" АҚ
(Алматы) KZ2C00012854 (LZGRb10; $1 000, $ 5,0 млн; 360 күн; жартыжылдық
купон; 30/360) облигациясының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 17 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/LZGRb10/
[2024-12-17]