"Лизинг Групп" АҚ KZ2C00012854 (LZGRb10) облигациялары балама
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де
листинг процедурасынан өтті
12.12.24 18:08
/KASE, 12.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2024 жылдың 12 желтоқсанында "Лизинг Групп" АҚ (Алматы)
KZ2C00012854 ($1 000, 5 5,0 млн; 360 күн; жартыжылдық купон,
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360)
облигацияларын KASE баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар"
санаты бойынша ресми тізімге енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға LZGRb10 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-12-12]