13 желтоқсаннан бастап ORACLE CORPORATION US68389X1054 (ORCL_KZ) жай акциялары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізіледі

12.12.24 17:50
/KASE, 12.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 13 желтоқсанынан бастап ORACLE CORPORATION (АҚШ) US68389X1054 (сауда коды – ORCL_KZ) жай акциялары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілетін болады. Аталған жай акциялардың рұқсаттама бастамашысы "Tennis Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) болып табылады. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. [2024-12-12]