13 желтоқсаннан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CKB62 (US149_2602) және US91282CJV46 (US150_2601) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізіледі

12.12.24 17:44
/KASE, 12.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 13 желтоқсанынан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілетін болады: 1) US91282CKB62 (US149_2602; $65 725 000 000; 29.02.24 – 28.02.26; жарты жылдық купон, жылдық 4,625 %, actual/actual); 2) US91282CJV46 (US150_2601; $59 997 000 000; 31.01.24 – 31.01.26; жарты жылдық купон, жылдық 4,250 %, actual/actual). Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "UD Capital" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/ [2024-12-12]