13 желтоқсаннан бастап "GoldFinMarket "Ломбарды" ЖШС KZ2P00012727 (MFLGb6) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылады

12.12.24 12:43
/KASE, 12.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 13 желтоқсанынан бастап"GoldFinMarket "Ломбарды" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012727 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb6; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 06.12.24 – 06.12.25; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2024-12-12]