11 жетоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Macy's
US55616P1049 (M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
10.12.24 17:43
/KASE, 10.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
11 жетоқсанынан бастап есептесу күні 2024 жылдың 13 жетоқсанына және
одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемелерінде жасалатын репо операциялары бойынша Macy's
US55616P1049 ("KASE Global" секторы, M_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 13 жетоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 17 жетоқсанынан
бастап қайта басталады.
[2024-12-10]