11 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Meta Platforms, Inc.
US30303M1027 (META_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
10.12.24 17:41
/KASE, 10.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
11 желтоқсанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 16 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес
келетін, Meta Platforms, Inc. (АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global" секторы,
META_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 12 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 16 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 желтоқсанынан
бастап қайта басталады.
[2024-12-10]