10 желтоқсаннан бастап төрт атаулы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

10.12.24 16:49
/KACC, 10.12.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 10 желтоқсанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) келесі облигациялар енгізілетін болады: 1) АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CKU44 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US142_3105) халықаралық облигациялары – Т+; 2) АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CKQ32 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US143_3405) халықаралық облигациялары – Т +; 3) Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058LA95 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, IBRDe5) халықаралық облигациялары – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі; 4) Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058LF82 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, IBRDe6) халықаралық облигациялары – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т + Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2024-12-10]