10 желтоқсаннан бастап KASE-де ETF US74347G4405 (BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

09.12.24 17:57
/KASE, 09.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 10 желтоқсанынан бастап KASE-де репо операциялары бойынша ETF US74347G4405 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF бағалы қағаздары бойынша сауда- саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлады, аталған бағалы қағаздар бойынша KASE орталық контрагент қызметін жүзеге асырады және олар бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 23 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді. Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидасының" 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 23 желтоқсанында аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 25 желтоқсанынан басталады. [2024-12-09]