10 желтоқсаннан бастап KASE-де төрт атаудағы ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

09.12.24 17:31
/KASE, 09.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 10 желтоқсанынан бастап KASE-де репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлады, аталған бағалы қағаздар бойынша KASE орталық контрагент қызметін жүзеге асырады және олар бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 18 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді: - US4642872422 ("KASE Global" сектор, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF; - US4642885135 ("KASE Global" сектор HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF; - US4642895118 ("KASE Global" сектор", IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF; - US4642874329 ("қорлардың қағаздар" секторы, TLT_KZ) Shares 20+ Year Treasury Bond ETF. Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидасының" 13 бабының 12) тармағына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 18 желтоқсанында аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 20 желтоқсанынан басталады. [2024-12-09]