"R-Finance" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010440 (MFRFb10) облигациялары айналыv мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

09.12.24 09:00
/KASE, 09.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 желтоқсанынан бастап "R-Finance" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00010440 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFRFb10; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 08.12.23 – 08.12.24; ай сайынғы купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2023 жылдың 04 желтоқсанынан бастап баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 06 желтоқсанынан бастап ашылды. [2024-12-09]