/KASE, 06.12.24/ – Бұрын хабарланғандай,Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 06 желтоқсанында "Интергаз
Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру"
алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00012771 (INCApp9; 1 000 теңге, 12 094 000 000 теңге, 9 жыл 10
ай; жарты жылдық купон, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
базалық ставкасы + тиянақталған маржа 1,0 %; 30/360);
2) KZ2C00012805 (INCApp10; 1 000 теңге, 23 560 000 000 теңге, 9 жыл 10
ай; жарты жылдық купон, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
базалық ставкасы + тиянақталған маржа 1,0 %, 30/360).
Листингтік комиссияның осы шешімі 2024 жылдың 6 желтоқсанында
күшіне енеді.
Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/kz/issuers/INCA/ сілтемесінде жарияланған.
[2024-12-06]