10 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00012578 (MFBLb4) облигацияларына жазылым жүргізіледі

06.12.24 16:57
/KASE, 06.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 10 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" ЖШС (Алматы) KZ2P00012578 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb4) облигацияларын төмендегі шарттарда (Астана қ.уақыты) оларға жазылу арқылы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. ---------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2P00012578 KASE сауда-саттық коды: MFBLb4 Номиналды құны, теңге: 1 000 Шығару көлемі, теңге: - тіркелген: 2 000 000 000 - орналастырылған (номинал бойынша): 300 000 000 Айналымның басталу күні: 05.12.24 Айналымның соңғы күні: 04.12.26 Өтеудің басталу күні: 05.12.26 Өтінім беру мерзімі: 2 жыл (720 күн) Купон мөлшерлемесі: жылдық 21,00 % Купондарды төлеу мерзімділігі: жылына 4 рет Купонды төлеудің басталу күндері: жыл сайын 05 наурыз, 05 маусым, 05 қыркүйек және 05 желтоқсан Уақыттық база: 30 / 360 -------------------------------------------- ------------------------------- Жазылым күні: 10.12.24 Өтеу мерзімі: 2,0 жыл (715 күн) Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 300 000 000 Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:30 Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 10.12.24, 14:00 Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 10.12.24, 14:00 ---------------------------------------------------------------------------- Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1)жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2)Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/kz/membership Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздарға жазылу ережесі сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/MFBLb4 [2024-12-06]