09 жетоқсаннан бастап KASE-де Microsoft Corporation US5949181045
(MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
06.12.24 14:18
/KASE, 06.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 жетоқсанынан
бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде
репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 20 ақпанына және
одан кейінгі күндерге келетін Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045
("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша
тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың
20 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 22 ақпанынан қайта
басталады.
[2024-12-06]