09 жетоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында The Walt Disney Company US2546871060 (DIS_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

06.12.24 12:52
/KASE, 06.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 жетоқсанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 16 жетоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, The Walt Disney Company (АҚШ) US2546871060 ("KASE Global" секторы, DIS_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2024 жылдың 16 жетоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 жетоқсанынан бастап қайта басталады. [2024-12-06]