5 желтоқсаннан бастап "ЭКОТОН+" АҚ KZ1C00000538 (EKTN) жай акциялары баламалы алаңның "акциялар" секторынан KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандартты" санатына ауыстырылады

04.12.24 17:48
/KASE, 04.12.24/ – 2024 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы "ЭКОТОН+" АҚ (Астана) KZ1C00000538 (EKTN) жай акцияларын KASE ресми тізімінің баламалы алаңның "акциялар" секторынан негізгі алаңының "стандартты" санатына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Листингтік комиссияның осы шешімі 2024 жылдың 5 желтоқсанында күшіне енеді. KASEнің 2024 жылдың 25 қарашасындағы қорытындысында "ЭКОТОН+" АҚ және оның көрсетілген акцияларын тексеру нәтижелері бойынша аталған акциялардың KASE ресми тізімі негізгі алаңының "стандартты" санатында көрсетілу үшін Листингтік қағидаларда белгіленген критерийлер мен талаптарға сәйкестігі анықталғаны атап өтілді. [2024-12-04]