"HILL Corporation" ЖШС-ның KZ2P00012685 (HILLb1) "жасыл" облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASEде листинг процедурасынан өтті

04.12.24 17:33
/KASE, 04.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 4 желтоқсанында "HILL Corporation" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012685 "жасыл" облигацияларын ($100, $40,0 млн; 3 жыл; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша бірінші аукционның нәтижелері бойынша анықталады; 30/360) негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "HILL Corporation" ЖШС-ның қаржылық кеңесшісі "Tansar Capital" АҚ болып табылады. Аталған облигацияларға HILLb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "HILL Corporation" ЖШС-ның негізгі қызметі мұнай өнімдерін өндіру болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-12-04]