"Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00000594 (CCBNb23) облигацияларын өтеді

04.12.24 15:13
/KASE, 04.12.24/ – "Банк ЦентрКредит" АҚ (KASE тикері – CCBN) 2024 жылдың 04 желтоқсанында KZ2C00000594 (CCBNb23) облигацияларын өтеп, облигациялар бойынша соңғысы – 30-шы купондық сыйақы төледі. Төлем сомасы 7 739 409 315,00 теңгені, оның ішінде негізгі борыш – 7 335 933 000,00 теңгені, 30-шы купондық сыйақы – 403 476 315,00 теңгені құрады. [2024-12-04]