/KASE, 04.12.24/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) KASE-ге былай
деп хабарлады:
дәйексөздің басы
4 декабря 2024 года
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігі табиғи
монополияларды реттеу жөніндегі Комитет Департаментінің бұйрығына
сәйкес "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС-нің ("ҚазТрансОйл" АҚ 50% қатысуы
және China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation 50%
қатысуы) "Кеңқияқ – Құмкөл" мұнай құбыры бойынша 2025-2029 жылдары
Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдауға арналған реттелетін
қызметтерге тарифтер бекітілді.
2025 жылы тариф 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 338,49 теңгені,
2026 жылы - 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 390,48 теңгені, 2027 жылы -
1000 км-ге (ҚҚСсыз) 1 тонна үшін 3 693,05 теңгені, 2028 жылы - 1000 км-ге
(ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 4 202,89 теңгені, 2029 жылы - 1000 км-ге (ҚҚС-сыз)
1 тонна үшін 3 769,47 теңгені құрайды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_041224_kz.pdf
Орыс тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_041224_1.pdf
Ағылшын тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_041224_1_en.pdf
[2024-12-04]