Бүгін 15:00-ден 15:30-ға дейін Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Халық банкі" АҚ KZ2C00012482 (HSBKb22) "жасыл" облигацияларын қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

03.12.24 14:45
/KASE, 03.12.24/ – Қазақстан қор биржасы бүгін 15:00-ден 15:30-ға KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан Халық банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00012482 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HSBKb22) "жасыл" облигацияларын қосымша орналастыру бойынша төменде берілген шарттарда (Астана қ. уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтетінің хабарлайды. ------------------------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00012482 KASE сауда-саттық коды: HSBKb22 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: – тіркелген: 20 000 000 000 – орналастырылған (номинал бойынша): – Айналыстың басталу күні: 03.12.24 Айналыста болудың соңғы күні: 02.12.27 Өтеудің басталу күні: 03.12.27 Айналымда болу мерзімі: 3 жыл (1 095 күн) Купон мөлшерлемесі: өзгермелі (TONIA Compounded + 1,25 %) Купонды төлеу кезеңділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні: жыл сайын 03 маусым және 03 желтоқсан күні Уақыттық базасы: actual / 365 ------------------------------------------------ ------------------------------------------ Сауда-саттық күні: 03.12.24 Қосымша орналастырудың жарияланған көлемі,теңге: 600 000 000 Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:00–15:30 Өтінімдерді растау уақыты: 15:00–15:30 Кесім уақыты: 16:30 (Т+0) Төлеу күні және уақыты: 03.12.24, 16:30 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасынан жоғары өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ ------------------------------------------------------------------------------------------- Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/membership Сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/HSBKb22/ [2024-12-03]