/KASE, 03.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
05 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Отбасы банкі" тұрғын үй
құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00011740 (KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, JSBNb3) облигацияларын төменде келтірілген
шарттарда (Астана қ уақыты) орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.
---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигации
ISIN: KZ2C00011740
KASE сауда-саттық коды: JSBNb3
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығару көлемі, теңге:
– тіркелген: 100 000 000 000
– орналастырылған: 70 500 000 000
Айналымның басталу күні: 24.07.24
Айналымның соңғы күні: 23.07.29
Өтеудің басталу күні: 24.07.29
Өтінім беру мерзімі: 5 жыл (1 800 күн)
Купон мөлшерлемесі: жылдық 14,25 %
Купондарды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет
Купондарды төлеудің басталу күндері: жыл сайын 24 қаңтарда және
24 шілдеде
Уақыттық база: 30 / 360
----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні: 05.12.24
Өтеуге дейін мерзімі: 4,6 жыл (1 669 күн)
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 10 000 000 000
Лот мөлшері, дана.: 1
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:00
Кесімдеу уақыты: 15:00 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты: 05.12.24, 15:00
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді кесімдеу бағасына тең немесе
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: сатушы үшін неғұрлым тиімді болып
табылатын, шектелімді қарсылама
өтінімдердің бағалары бойынша
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс
жинақ банкі " АҚ
---------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден
кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза"
бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып)
туындысы көрсетілуі тиіс.
облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер
жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы
қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы
қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге
дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере
алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/ru/membership
Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарға жазылу ережесі сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/JSBNb3/
[2024-12-03]