03 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "ТССП Групп" ЖШС KZ2P00009079 (TSSPb4) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

02.12.24 15:37
/KASE, 02.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 03 желтоқсанынан бастап "ТССП Групп" ЖШС (Астана) KZ2P00009079 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, TSSPb4; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 27.11.24-27.11.25; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360) " облигацияларының KASE – де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/TSSPb4/ [2024-12-02]