03 желтоқсаннан бастап "Азия кредиттік қоры "Микроқаржы
ұйымы" ЖШС KZ2P00011950 (FCFb1) облигациялары "таза" бағамен
сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
02.12.24 15:29
/KASE, 02.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
03 желтоқсанынан бастап "Азия кредиттік қоры "Микроқаржы ұйымы" ЖШС
(Алматы) KZ2P00011950 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты,
MFCFb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 27.11.24 – 27.11.26; тоқсандық купон,
жылдық 21,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық
тәртіптемесіне ауыстырылатын болады.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2024-12-02]