28 қарашадан бастап Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002087 (AIK112_208) облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

28.11.24 10:42
/KASE, 28.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 28 қарашасынан бастап Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002087 облигациялары (1 000 теңге, 595 496 000 теңге; 112 ай; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталған облигацияларға AIK112_208 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялар жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрғын үйді сатып алу мақсатында шығарылды. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/gsecs/show/AIK112_208/ [2024-11-28]