02 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП KZGB_CPm1m ЖӘНЕ KZGB_DPm1m ИНДЕКСТЕРІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛДІК ТІЗІМ МБҚ 61 АТАУЫНАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

28.11.24 09:53
/KASE, 28.11.24/ – 2024 жылдың 2 желтоқсанынан бастап KZGB_CPm1m және KZGB_DPm1m индекстерін есептеуге арналған өкілетті тізім өзгермейді және ол Қазақстан Республикасының 61 мемлекеттік бағалы қағазынан (МБҚ) тұратын болады. Қазақстан қор биржасы (KASE) қор нарығының индекстері мен көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне сәйкес келесі индекстерді есептейді және жариялайды: 1) KZGB_CPm1m (more than one month) – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ-ның "таза" бағаларының баға индексі; 2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын МБҚ жиынтық кірісінің баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді ескере отырып); 3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен; 4) индекстің ұзақтығы, жылдармен; 5) индекстің түрлендірілген дюрациясы. 2024 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетілген индекстерді есептеу үшін өкілдік тізім 2024 жылдың 27 қарашасындағы кешке МБҚ параметрлері бойынша қалыптастырылды (осы тізім күшіне енген күнге дейін үш жұмыс күні бұрын). Өкілдік тізім 2024 жылдың 02 желтоқсанында мына бетте жарияланады https://kase.kz/kz/stock_market/ (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі). [2024-11-28]