28 қарашада KACC есеп айырысу қызметін басқару резервтік орталықтан жүзеге асырылады

27.11.24 15:32
/KACC, 27.11.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC, Клирингілік орталық) 2024 жылдың 28 қарашасында Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Клирингілік орталық қызметінің үздіксіздігі жүйесін жоспарлы тестілеу шеңберінде KACC есеп айырысу жүйелерін басқару резервтік орталықтан резервтік жабдықта жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды, осыған байланысты KACC жекелеген жүйелерінің жұмысында кідірістер болуы мүмкін. Клирингілік орталық ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардан ықтимал қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрайды. [2024-11-27]