27 қарашадан бастап "Ломбард Прогресс" ЖШС KZ2P00012479 (MFLPb2) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

27.11.24 10:13
/KASE, 27.11.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылғы 25 қарашада "Ломбард Прогресс" ЖШС (Алматы) KZ2P00012479 (MFLPb2; 10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 27 қарашасынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFLPb2/ [2024-11-27]