"Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00000594 (CCBNb23) облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
27.11.24 09:32
/KASE, 27.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
27 қарашасынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00000594
облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNb23; 100
теңге, 10,0 млрд теңге; 27.11.09 – 27.11.24; жартыжылдық купон, жылдық
11,00%; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен алынып тасталды.
Аталған облигациялар 2009 жылдың 30 желтоқсаннан бастап "Рейтингтік
бағалаусыз борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы
бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан
бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында
болды. Олармен сауда-саттық 2010 жылдың 31 наурызынан бастап ашылды.
[2024-11-27]