27 қарашадан бастап Қақастан қор биржасында NVIDIA Corp.
US67066G1040 (NVDA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылды
26.11.24 16:40
/KASE, 26.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
27 қарашасынан бастап есеп айырысу күні 2024 жылдың 05 желтоқсанына
және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің
қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша
NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 05 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 желтоқсанынан
бастап қайта басталады.
[2024-11-26]