27 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (AIRA) жай акциялары болып табылатын US0090632078, US0090631088 (AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттармен сауда-саттық ашылады

26.11.24 15:16
/KASE, 26.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 27 қарашасынан бастап базалық активі "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жай акциялары болып табылады KASE-де US0090632078, US0090631088 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттармен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздардың баға белгілеу дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген депозитарлық қолхат бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. Көрсетілген бағалы қағаздар туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/dept/show/AIRAd/ [2024-11-26]