"Қазақстан Халық Банкі" АҚ өзінің KZ2C00002855 (HSBKb18)
облигацияларының өтелгені туралы хабарлады
25.11.24 17:32
/KASE, 25.11.24/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор
биржасына (KASE) 2024 жылдың 25 қарашасында өзінің KZ2C00002855
(HSBKb18) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, өтеу шеңберінде
көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – 20-шы купондық сыйақы
төленді.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің
жалпы сомасы 103 750 000 000 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш
(облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 100 000 000 000 теңге, 20-шы
купондық сыйақы – 3 750 000 000 теңге.
[2024-11-25]